Шетелдік сауда алаңдары отандық бизнеске қауіп төндіріп тұр

Шетелдік сауда алаңдары отандық бизнеске қауіп төндіріп тұр

Астана-QAZTECH технологиялық компаниялар Альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Қазақстанның шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері ірі шетелдік сауда алаңдарының Қазақстан нарығында кеңеюіне байланысты алаңдаушылықтарын білдірді.

Талқылауға жетекші экономистер, Сауда министрлігі өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның ірі онлайн платформалары мен ШОБ технологиялық сектор өкілдері қатысты.

Қазақстан электрондық коммерция саласында жаһандық үрдістерге ілесіп, жылдам өсіп жатыр. Бүгінгі таңда барлық сатып алулардың 12,5%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылады, ал сауда көлемі әр екі жыл сайын екі есеге артып отыр. Қазақстан осындай қарқынмен орташа әлемдік деңгейге үш жыл ішінде жетуі мүмкін.

«2021 жылдан бастап бөлшек сауданың және басқа да тұтынушылық қызметтердің цифрлануы белсенді түрде өсіп жатыр, бұл экономиканың өсуіне айтарлықтай әсер етіп отыр. Тұтынушылық қызметтер жаңа жұмыс орындарының негізгі көзіне айналып, 350 мың адамды жұмыспен қамтылған орындардың 200 мың жұмыс орны осы секторға, ал 170 мыңы мемлекеттік қызметке тиесілі», – деді QazTech бас аналитигі Александр Дауранов.

Алайда айтылған жетістіктерге қарамастан кәсіпкерлер алаңдаушылық білдірді. Ірі шетелдік сауда алаңдарының Қазақстан нарығында дамуы отандық ШОБ-ты теңсіз жағдайға қояды. Шетелдік платформалар көбінесе салық міндеттемелерінен және өнімнің сертификаттауынан айналып өтеді, бұл әділетсіз бәсекелестік тудырып, жергілікті компаниялардың өмір сүруіне қауіп төндіреді.

«Кейбір зоотоварлар, өнімдер мен қоспаларды әкелу үшін фитосанитарлық және ветеринарлық рұқсаттар қажет, ал қытайлық маркетплейстерде мұндай тауарлар шектеусіз жеткізіледі. Бұл өнімнің құнына, жеткізу мерзіміне әсер етіп, жергілікті жеткізушілер үшін теңсіз жағдай тудырады», – деп атап өтті Қазақстандағы ірі интернет-дүкендердің бірінің операциялық директоры.

Маркетплейстердегі өнімдердің сапасы мен түпнұсқалылығы ерекше алаңдаушылық тудырады. Белгілі брендтердің атымен сертификатталмаған және контрафакт тауарлар сатылады, бұл тұтынушылардың сеніміне нұқсан келтіріп, түпнұсқа өнім сатушыларын қиын жағдайға қалдырады.

«Заңнамаға шұғыл өзгерістер енгізу қажет», – деп қосты ірі электроника дүкендер желісінің бас директоры.

QazTech-тің Қазақстандық ШОБ-ты қорғау және әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған арнайы Комитеті келесі мақсаттарды алға қояды:

  1. Шетелдік маркетплейстердің қызметін реттеуді жақсарту және демпингке қарсы күрес: нарықта барлыңына тең жағдай жасау үшін ережелер енгізу және отандық компанияларды қорғау.
  2. Стандарттарды бірыңғайлау және контрафактқа қарсы күрес: сатушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды енгізу және өнімнің сапасын бақылауды күшейту.
  3. Логистикалық инфрақұрылымды дамыту: логистиканы жақсарту үшін заманауи қойма кешендерін құруды қолдау.
  4. Финтехты қолдау: онлайн-бизнестің өсуі және ШОБ-ты қолдау үшін бөліп төлеу сияқты қаржылық технологияларды дамытуға ықпал ету.

Қатысушылар шұғыл шаралар қабылданбаса, Қазақстандық ШОБ-тыңшетелдік платформалармен  теңсіз жағдайға түсіп, ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.