Астанада мемлекеттік бюджетті тиімді бақылау тетігі талқыланды
Астанада ЭКОСАИ, яғни халықаралық экономикалық ұйымның желісі бойынша ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Жиында құрылымға мүше елдер мемлекет қаржысының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуді талқылады. Қазақстандық делегацияны Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов басқарды. Ол өз сөзінде барлық өңірде мемлекеттік аудит жүйесі үдемелі жетілдірілгенін жеткізіп, палатаның өкілеттігі кеңейтілгенін айтты. Отырыста аудиторларға өзекті трендтерді талдау, біліктілігін арттыру, мемлекеттік аудит әдіснамасын жетілдіру мүмкіндігі туды. Одан бөлек, қатысушылар мемлекеттік қаражатты пайдаланудың есептілігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жөнінде пікір алмасты.