Сенатта энергетика саласын дамыту мәселесі көтерілді
Елдегі металлургия, көлік, IT, медицина, фармацевтика және ауыл шаруашылығы өндірісіне қажет электр қуатының тапшылығы сезіліп жатыр.
Сол себепті энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атом электр стансысын салу маңызды. Бұл туралы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесуінде айтты. Жиында отандық энергетика нарығының қазіргі жай-күйі талқыланды. Қатысушылар технология мен құрылыс ауданын таңдау, сондай-ақ қауіпсіздік, экология және әлемдік тәжірибеге үңілді.
Әлібек Наутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазіргі Энергетика министрлігінің есебі бойынша 2035 жылға қарай жалпы Қазақстанада 150,4 млрд кВт/сағат энергия қуаты қажет болады. Оның 135 млрд кВт-сағаты ғана болады, қалған 26,4 бізге қосымша өндіру қажет болады деп жатыр. Бұл енді, біріншіден, АЭС салынып, оның құрылысы бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бірақ енді пайдалануға берілгеннен кейін жалпы елдің кәсіпкерліктің, өнеркәсіптің басқа да салаларының дамуына үлкен әсер етеді деп есептейміз.