Қырғыз Республикасынан келетін су көлемі азайғаннан кейін Жамбыл облысындағы 8 мың гектарға жуық егістік алқапқа зиян келген. Оның арасында қант қызылшасы сынды маңызды азық-түлік дақылдары бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Үкімет отырысында егін жинау науқанын өткізу барысы талқыланып жатыр.