Мәжілісте кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қабылданды
Мәжілісте Ұлттық қордан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қабылданып, Сенат қарауына жолданды. Құжат бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл туралы Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.
Оның айтуынша, заң жобасында мұнай бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллар және 2026-2027 жылдары барреліне 41-39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. Осыған байланысты Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің 2025-2027 жылдарға арналған мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде болады деп айқындалды. Министрдің сөзіне сүйенсек, құжат республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етеді.