KGIR-2024 форумында 32 құжатқа қол қойылады. LIVE
Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Айтулы жиынға әлемнің 500-ден астам жетекші халықаралық компаниялары, отандық бизнес өкілдері мен сарапшылар келген. Жиын Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өтуде.
Инвестициялық шарада қандай мәселелер қаралып жатыр, қандай келісімшарттар жасалуы мүмкін?
Қуандық Танабас, тілші:
- Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел – бұл әлемнің ең озық компанияларына Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстыратын және маңызды келісімдер жасалынатын ерекше алаң.
Расымен де, бүгінгі форумнан әлемдегі бірқатар алпауыт компаниялардың басшылары мен өкілдерін осы жерден көрдік. Атап айтсақ, Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшысы – «Фуфэнг» компаниясы, Францияның ірі транспорттық компаниясы «Алстомның» басшылары осы форумнан табылып отыр.
Енді бүгінгі форум барысында жалпы құны 7 млрд долларды құрайтын ұзын саны 32 құжатқа қол қойылады. Жасалған келісімшарттар аясында елдің шикізаттық емес секторына, атап айтақанда, қайта өңдеу саласына қомақта инвестиция құйылмақ.