Қазақстан мен Ислам даму банкі су ресурстарын дамыту бойынша келісімге қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Тоқаевтың қатысуымен Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қазақстан Үкіметі мен Ислам даму банкі еліміздегі су ресурстарын дамыту бойынша ұзақмерзімді қаржыландыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына 1 млрд 150 млн доллар инвестиция салады. Сонымен қатар банк Қазақстанның су саласын дамытуға 3,5 млн доллар көлемінде өтеусіз грант бөлді.
Қаржыландырылатын жобаның бірінші кезеңі Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда 4 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын, 115 каналды реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қарастырады. Құрылыс жұмыстары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі. Бұдан басқа, жоба Ислам даму банкі мен министрлік арасындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерделеудегі техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауды көздейді. Оның ішінде «Қаз су шар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын техникалық жарақтандыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін автоматтандыру орталығын салу жоспарланған.