Қазақстан қаржыгерлерінің ХII конгресі басталды. LIVE

Елдегі банк секторының табысы былтырмен салыстырғанда 17%-ке ұлғайды. Бұл жөнінде Алматыда өтіп жатқан Қазақстан қаржыгерлерінің ХII конгресінде айтылды.

Қаржы нарығының сарапшылары экономиканы дамыту бағытындағы банк жүйесінде атқарылуы тиіс міндеттерді талқылады. Сонымен қатар конгресте банкаралық цифрлық төлем алмасудың жүйесі таныстырлды.