Елімізде жылқы шаруашылығы институты құрылады

Мақсат асыл тұқымды тұлпарлардың санын көбейту.

Бұл туралы президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында айтты. Қазір Қазақстанда 4,2 миллион жылқы бар. Дегенмен, асыл тұқымды аттардың саны 1 пайызға да жетпейді. Нақтырақ айтсақ, 40 мыңды ғана құрап отыр.  Қасым-Жомарт Тоқаев сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн деді. Бұған дейін президент тапсырмасымен Маңғыстаудың Адай жылқысын әлемге таныту тапсырмасы жүктелген болатын. Нәтижесінде ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді. Арғымақтар аламан бәйгелерде де топ жарып жүр. Осындай жемісті жұмыстарды Қостанай жылқылары да қажет етіп тұр. Өйткені, жоғалып кетудің аз-ақ алдында. Небәрі 280 бас қалған. Осыған орай құзырлы орган қысқа мерзім ішінде мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақытлайтын болады.