О. Бектенов EPAM Systems компаниясының басшысымен кездесті
Олжас Бектенов Американың IT саласындағы алпауыты EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен келіссөз жүргізді.
Мейман еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, цифрландыру мен жаңа технологиялар саласында бірқатар ұсынысын жеткізді. Тараптар әлемдік технологиялар нарығындағы заманауи трендтер жайында пікір алмасып, бірлескен зерттеу бастамаларын, оның ішінде Ұлттық жасанды интеллект орталығында жасанды интеллект зертханасын ашу мүмкіндігін қарастырды. Америкалық компанияның EPAM Kazakhstan оқу орталығы бүгінде IT бағытында 5 мыңнан астам маманды оқытты. Tech Orda бағдарламасы арқылы компания 700-ден астам студентке IT дағдыларын үйретті. Биыл тағы 300 студент оқытылады. Үкімет басшысы әлемдік алпауыттармен ынтымақтастық бізге тиімділікті арттыруға және озық қарқынмен дамуға мүмкіндік беретінін атап өтті.