Бюджет қаражатын үнемдейтін сервис іске қосылды
Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және бюджет қаражатын үнемдеу үшін пилоттық режимде «Tapsyru» сервисі іске қосылды. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды 24kz.
Мұндай платформа бірлескен шарттар тетігі мен ұйымдардың баланстан балансқа берілу рәсімін жеңілдетеді. Бүгінде «Tapsyru» сервисіне 700-ден астам қатысушы мен 313 мың актив тіркелген. Бұдан бөлек, келер жылы «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталын іске қосу жоспарланып отыр. Ол мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған. Бұл тұста Олжас Бектенов: «Цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмыстардың көлеңкелі экономикаға қарсы күреске нақты әсер етуін қамтамасыз ету керек», - деді. Сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырып, бюджет қаржысын ұтымды жұмсау қажеттігін атап өтті.