Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы $36,5 млрд-ты құрады

Жыл басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 12%-ке өсіп, 36,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо еліміздің Үкімет басшысымен кездесуінде хабарлады. Олжас Бектенов Қытай елшісімен бірлесе атқарылған жұмыстарды талқылады.

Премьер-министр Қытай еліміздің ірі сауда серіктесі болып қала беретінін атап өтті. Қос мемлекет алдында Транскаспий мультимодальды дәлізі арқылы жүк ағынын арттыру мақсаты тұр. Бұл да екіжақты ынтымақтастықты нығайта түспек. Сондай-ақ тараптар жан-жақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.