Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 триллион теңгеге жетті
Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеге жетті.
Ал өнеркәсіптік өнім - 960 млрд теңгеден асты. Облыста алғаш рет 100 гектар аумақта инвестициялық құны – 308 млрд теңге болатын «Шағын өнеркәсіптік парк» ашылды. Онда медициналық жабдықтар, жиһаз, алюминий бұйымдары, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы саласына қажетті техника шығаратын 151 өндірістік ғимарат салынады. Одан бөлек, туризм, білім салаларында да тың жобалар бар.
Түркістан облысында 14 индустриалды аймақ бар. Онда инвестициялық құны 105 млрд теңге болатын 83 жоба жүзеге асырылуда. Басым бөлігі құрылыс материалдары, жеңіл және жиһаз өнеркәсібіне бағытталған. Биыл өңірде алғаш рет «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды. Онда құны - 308 млрд теңге болатын 151 өндірістік ғимарат салынады. Қазіргі таңда оны іске қосылды. Олар жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын, мектеп жиһаздарын өндіретін, медициналық жабдықтар, өнеркәсіптік тоңазытқыштар мен құрылыс заттарын шығаратын зауыттар.
Түркістан облысында 10 айдың қорытындысымен экономикалық өсім 110%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімі 8,8%-ға өсті. Жыл басынан бері өңірге 888 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Ал шетелдік инвестиция көлемі 685 млн АҚШ долларына жетті. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім - 105,8%-ға, тұрғын үй құрылысының көлемі - 131%-ға артты.Инвестиция тартудан көшбасшы өңір
Өңірде шетелдік алпауыт компаниялардың қатысуымен құны - 910 млн АҚШ доллар болатын 6 инвестициялық жобаның құрылысы басталды. Олар өнеркәсіптік жылы-жай кешені, алюминий бұйымдары мен өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығаратын кәсіпорын, каустикалық сода, кальций карбиді, әк цемент шығаратын және фосфорит кендерін өңдеу және мұнай өңдеу зауыттары. Бұдан бөлек, қазан айында шетелдік компаниялардың қатысуымен 301 млрд теңгенің 35 келісіміне қол қойылды. Нәтижесінде дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындар ашылатын болды. Бұдан бөлек, Түркістан облысында 210 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді.
Шетелдік алпауыт компаниялардың қатысуымен құны - 910 млн АҚШ доллар болатын 6 инвестициялық жобаның құрылысы басталды. Олар өнеркәсіптік жылы-жай кешені, алюминий бұйымдары мен өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығаратын кәсіпорын, каустикалық сода, кальций карбиді, әк цемент шығаратын және фосфорит кендерін өңдеу және мұнай өңдеу зауыттары.
Бұдан бөлек қазан айында шетелдік компаниялардың қатысуымен 301 млрд теңгенің 35 келісіміне қол қойылды. Нәтижесінде дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындар ашылатын болды. Бұдан бөлек Түркістан облысында 210 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді.
Самат Көшкінбай, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:
- Астана, Алматы мегополист қалаларынан кейін Түркістан обылсы кәсіпкерлік нысаны бойынша 3-орында тұр. 6 айдың статитикасына қарайтын болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субектілері жаңадан 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етті. Олардың жыл сайынғы өндіретін өнім көлемі 2 трлн теңгеге жуық.
Өңірде өндіріс ошақтарының артуына байланысты энергетика тапшылығы бар. Қуат көзіне тәуелділікті шешу мақсатында 1,9 трлн теңгеге жалпы қуаты – 2,7 гигаватты құрайтын 7 ірі жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, облыс аумағында тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 100-ден аса арендалық және ипотекалық баспаналар бой көтерді. Нәтижесінде кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасы баспаналы болады. Оның 3 мыңы биыл тапсырылды.
Динара Жиенбаева, Түркістан қаласының тұрғыны:
2 бөлмелі үй алдым. Өте қуаныштымын. 1-қабат. Өте керемет екен. Кіріп көрдім. Басқаша, дизайныда, сыртыда жақсы екен. Облыс әкіміне шексіз рахметімді айтамын.
50 мектеп салынып жатыр
Түркістан облысының демографиялық өсім жоғары. Сондықтан қазір 35 мың оқушыға орын тапшылығы сезіліп отыр. Үшауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында биыл өңірде 50 мектептің құрылысы басталды. Оның 29-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, ал 21-і облыстық бюджет және білім беруді дамыту қоры есебінен салынып жатыр.
Жандос Махамбетов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің біреуі Түркістан қаласында пайдалануға берілді. Жыл соңна дейін тағы да 12 мектепті пайдалануға беріледі. Сондай-ақ өзгеде бюджет есебінен салынып жатқан 21 мектептің қазіргі таңда 9-ы тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы да 8-н пайдалануға береміз. Қалған мектептер келесі жылға өтпелі. Осы мектептер берілгенде облыстағы апаты 4, үшауысымға өтпелі 3 мектептің мәселесі толығымен шешіледі.
49 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр
Сонымен қатар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елдімекендерде 49 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Ал Келес, Бәйдібек, Сайрам аудандары мен Кентау қаласында 4 аурухана күрделі жөндеуден өтуде.
Аймақ тұрғындарының 85% көгілдір отын қызығын көріп отыр
Түркістан облысында халықтың 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан ауыл тұрғындарын қажетті инфрақұрылыммен қамту әлі де өзекті. Биыл көгілдір отынмен қамтылған облыс тұрғындарының санын 85%-ға жеткізу көзделген. Жыл басынан бері 50 мың абонент газға қосылды. Көптен күткен сұйық отынға қол жеткізгендердің бірі Арыстық Жақсыгүл Шылманова. Зейнеткер от жағудың азабынан құтылатын болдық дейді.
Жақсыгүл Шылманова, Арыс қаласының тұрғыны:
- От жағамыз, ағашы бар оның тұтататын тағы. Соның бәрін күні бүгінге дейін істеп келдік. Енді бүгін міне көгілдір отынға қолымыз жетіп, рахатын келіндеріміз көрсін. Солар пайдаланысын. Біз солардың қызығын қызықтап отыра берейік, шығарым. Басқа не айтамын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Су үнемдеу технологиясы енгізілді
Ауыл шаруашылығы саласы өңір экономикасының драйвері. Биыл облыс шаруалары 958 млрд теңгенің өнім өндіріп, республикада жоғарғы көрсеткішке ие болды. Алайда өңірде ағын су тапшы. Қажетті судың 70 пайызы көрші мемлекеттен келеді. Сондықтан 216 мың гектар егіс алқабына заманауи су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда. Биылдың өзінде 50 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесі енгізілді. «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылына 9 мың гектар жерді тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті іске қосты. Облыста су нысандарын салу, қалпына келтіру, каналдар тазалау жұмыстары да осы мекемеге жүктелген. Былтыр кәсіпорын өз табыс есебінен 60 бірлік арнайы техника сатып алды.
Досхан Лесов, Сумен қамту бойынша мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы:
- Осы техникалардың көмегімен 1200 шақырым каналдар мен қашыртқыларға мекеме өз табысы есебінен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 60 мың 500 гектар жердің су беру қабілеті жақсарып отыр.
Ет экспорты бойынша көш бастаған өңір
Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде көшбасшы саналады. Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы осы өңірге тиесілі. Енді Австралия елінің тәжірибесіне сүйеніп, ет кластерін дамытуды жоспарлануда. Келер жылы ет өнімдерін терең және қайта өңдеу бағытында 5 жоба жүзеге асырылмақ.
Туризмі түлеген өңір
Сонымен қатар туризмді облыстағы жемісті салаға жатқызуға болады. Өңірдің туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Өңірде туризм 3 бағытта дамуда. Тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облыстағы табиғи аумақтарға 127 мың, ал тарихи орындарға 855 мың адам саяхаттаған. Биыл туризм саласына 63 млрд теңге инвестиция бағытталып, 47 туристік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 3 қонақ үй мен бір демалыс аймағы жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде. Ал Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Түркістанға «Ерекше мәртебе беру» туралы Заң жобасы Парламентте қолдау тапты. Бұл бастама Түркістандағы тарихи орындарды қорғап, туристік әлеуетін көтеруге тың мүмкіндік бермек.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш