Елде 780 мың адамның қаржылық сауаты артты
Бұл «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жүзеге асты.
Бүгінде жобаға қатысушылардың 40 пайыздан астамы қарыз жүктемесін, 70 пайызы ай сайынғы несие төлем мөлшерін, ал 41 пайызы несиелердің жалпы санын азайтты. Сондай-ақ, жазғы каникул кезінде «Қарызсыз қоғам» білім ордаларының 7,5 мың ұстазын қаржылық сауатты арттыру әдістемесіне оқытты. Биыл 500 мыңнан астам оқушы мен 100 мың студент білім алды. Осы шараның барлығы мемлекеттің араласуымен проблемалық несиелер үлесін 18 пайыздан 7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, "Amanat" партиясының төрағасы