Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Жамбыл облысында келер жылы электровоз жөндеу депосы іске қосылады.
Қазір нысан құрылысы 80 процентке аяқталған. Жоба жүзеге ассырылған жағдайда жылына 200 электровоз жөндеуге мүмкіндік болады.
Шу ауданы Қытай, Ресей мен Еуропаны жалғап жатқан шойын жолдың қиылысында орналасқан. Сондықтан да электровоз жөндеу депосы осында салынады. Қазір нысанның сыртқы жұмыстары аяқталып, құрылысшылар жөндеу цехтарын құрып жатыр. Мұнда 20 техника мен 150 адам жұмылдырылған. Жалпы ғимарат құрылысына 700 тонна метал қолданылды. Құрылыс материалдарының барлығы отандық өндірістен алынды.
Абзал Көкек, құрылыс компаниясының инженері:
- Зданияның астында 698 штук свай қағылған. Қалғаны монолит. Жалпы 6 линия негізгі магистральдық жолға қосылды. 6 линияға 6 стрелочный перевод бар оның ішінде. Оның төртеуі осы негізгі депо нысанының ішіндк орналасқан. Сыртында екі темір жол орналасқан.
Жобаның жалпы құны 4 миллиард теңгеге жуық. Депо әкімшілік бөлік, жөндеу цехы мен гараж сынды 3 бөліктен тұрады. 1400 кубқа шақталған резервуары мен сорғы станциясы бар. Өзіндік өртке қарсы жүйесі жасалған. Жоба басшылығы техникалық жөндеу орталығын келер жылдың наурыз айында қолданысқа беруді жоспарлар отыр.
Ерлан Жұмаділов, жоба басшысы:
- Электровоз вагондар көп уақыт жүргеннен кейін дөңгелектері майысып тозатын уақытқа дейін жетеді. Соның бәрін үшкірлеп түзулейтін станок Испаниядан келеді. Қалған көтеріп вагонды шашып құрастыру құрылғылары Финляндиядан келеді. Электрический заттар Италиядан келеді.
Жоба авторы франциялық инвесторлар. Олар республика көлемінде дәл осындай 4 орталық салмақ. Оларда 450 жаңа жұмыс орны ашылады, - деп жоспарланып отыр.
Мерей Бает Елдар Байділдә