Риддердегі жылу орталығында зардап шеккендердің үшеуі Өскеменге жеткізілді

Риддердегі жылу электр орталығында, оқыс оқиғадан зардап шеккендердің үшеуі Өскеменге жеткізілді.

Оған дейін олардың бәрі Риддер қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алған. Еске сала кетейік,бүгін таңсәріде, станцияда, көМірді жеткізу желісін жөндеу, дәнекерлеу кезінде газды ауа қоспасы жарылып, алты адам зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша,  жұмысшыларға тиісті көмек көрсету үшін Өскеменнен Риддерге жедел түрде білікті мамандар бригадасы барды. Олардың арасында реанима-толог, травма-толог комбус-тиологтар бар. Күйік шалған жұмысшылардың үшеуін Өскеменге жеткізу туралы шешім қабылданды.

Төлеген Жігітаев, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Білікті мамандармен бірлесіп, консилиум өткіздік. Зардап шеккендер өздігінен тыныс алып жатыр, барлығы есін біледі. Жағдайлары тұрақты. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде.