2022 жылдан бері 1,1 трлн теңге заңсыз актив қайтарылды

2022 жылдан бері мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 трлн 100 млрд теңгеден астам сомада мүліктік активтер мен қаражат қайтарылды.

Оның ішінде 321,6 млрд теңге қаражат тікелей бюджетке құйылды. Биыл бірнеше объект мемлекет меншігіне өтті. Мәселен Алматы қаласындағы «Maisat» бизнес орталығы – География және су қауіпсіздігі институтына, «Kaisar Tower» бизнес орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне берілді. Сондай-ақ Ақмола облысындағы Барап ауылында орналасқан, аумағы 1,5 мың шаршы метр резиденция 135 гектар жер учаскесімен бірге Астана қаласының білім басқармасына тапсырылды. Ол жерде балаларға арналған демалыс орны ашылады.

Қайтарылған активтер көлемі

₸1,1 трлн мүліктік активтер мен қаражат қайтарылды

₸321,6 млрд бюджетке қайтарылды

«Maisat» бизнес орталығы -> География және су қауіпсіздігі  институтына

«Kaisar Tower» бизнес орталығы -> Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне

Ақмола облысындағы резиденция -> Астана қаласының білім басқармасына  

83 мектеп құрылысы қаржыландырылды

Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім инфрақұрылымын қолдау қорына аударған 153,3 млрд теңгеге 83 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Бұл мектептер 92 мың оқушыға арналған. Жыл басынан бері 18 мектеп салынды. Білім ордаларының басым бөлігі Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында орналасқан.

Мектептер құрылысы

83 мектеп құрылысына ₸153,3 млрд бөлінді

92 мың оқушыға арналған

2024 жылы – 18 мектеп салынды

Басым бөлігі – Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Жамбыл облысының Төле би ауылында 300 оқу орынға Әл-Фараби атындағы орта мектеп қолдануға тапсырылды. Қызылордада 300 орынға жатақханасымен 400 оқу орынға физикалық-математикалық бейімділікпен интернат-мектебінің құрылысы аяқталуда. Жаңа мектептердің құрылысы 9 білім беру ұйымының, оның ішінде 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Жалпы жоспарланған 83 мектептен 56-сы салынып қолдануға тапсырылды, 10 – аяқталуда, 2025 жылға тағы 17-сі жоспарланды.