Жұмысын елден бұрын бастайтын зауыт
Қазақстандағы ең ерте ашылатын зауыт Астанада орналасқанын білесіз бе?
Мұндағы жұмысшылар өндіріске бір сағат ерте келіп, үйіне де басқалардан бұрын қайтады. Мекеме басшысының айтуынша, аталған тәжірибе зауыт жұмысына оң әсер еткен.
Астана іргесінде орналасқан зауыт елден бұрын іске кіріседі. Мұнда екі мың қызметкер бар. Олар темір жол құрылысына қажетті материалдарын дайындайды. Жұмыстың бір сағат бұрын басталуы уақыт үнемдейді, – дейді қызметкерлер.
Марат Әубәкіров, зауыт жұмысшысы:
- 8-ден 5-ке дейін жұмыс істегеннен кейін ерте шығамыз пробка жоқ жұмыстын аяғында 5-те шықсақ пробкалар жоқ жақсы жетеміз. Кешке жақын уақытымыз үйде боламыз, телевизор көресің, демаласың, газет оқисың. Сол уақыт ынгайлы деп ойлаймын.
Сонымен қатар бұл жаңалық денсаулыққа да пайдалы болды дейді зауыт қызметкерлері. Мекеме басшысы бұл шешімді өз тәжірибесіне сүйеніп қабылдаған.
Константин Федоров, зауыт директоры:
- Мен көп жыл темір жол саласында қызмет еттім. Сол кезде ауа райына байланысты жұмыс уақытын өзгертіп отыратынбыз. Дәл сондай тәжірибені біздің зауытта да енгізіп көрмек болып жиналыс жасадық. Ұжым бір ауыздан бұл бастаманы қолдады. Содан бері жұмысты бір сағат ерте бастап, ертерек бітіретін болдық.
Жұмыс уақытының ауысуы зауыт қызметіне кедергі келтірмеген. Себебі мұндағы өндіріс тәулік бойы тоқтамайды.
Ақбота Түгел, Серік Селеубайұлы, Руслан Әлиев