Әлиев Бакудегі әуежайда кеңес өткізді

Әзербайжан Президенті Бакудегі халықаралық әуежайда кеңес өткізді.

Ол әуе апаты жіті тергелуі керек деді. Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде қайтыс болғандардың отбасылары мен жарақат алғандарға көмек көрсетілетінін  айтты. Сондай-ақ 26 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялады.

Әзербайжан Президентінің тапсырмасымен ұшақ апатының себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Оған елдің премьер-министрі,,,Әли Асадов төрағалық етеді. Ал Әзербайжанның Бас прокуратурасы,,,әуе апатына байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар - әуе көлігінің қозғалысы мен пайдалануы кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған немқұрайлық. Бас прокурор орынбасарының жетекшілігімен тергеу тобының мүшелері Қазақстанға жіберілген. Бұдан бөлек Қазақстанның бас прокуратурасына халықаралық құқықтық көмек туралы сауал жолдаған.

Баку әуежайында жолаушылардың жақындары жиналып жатыр

T.ME/AZESPUTNIK

Ал әзірге ұшақ жолаушыларының туыстары Баку әуежайына жиналып жатыр. Күту залдарының бірі сол кісілер үшін арнайы бөлінген. "Спутник Азербайджан" әуе апаты кезінде жарақат алғандардың кейбірі ұшақпен Бакуге жеткізілгенін хабарлайды. Ақпараттық агенттіктің телеграм каналында жария етілген бейнежазбада,,,әуежайға келіп жатқан жедел жәрдем көліктерін көруге болады.

Әлем елдері Әзербайжанға көмегін ұсынып жатыр

Қазір әлем елдерінің көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың басшылыары әуе апатына байланысты Әзербайжан халқына көңіл айтып жатыр. Түрлі мемлекеттер көмек қолын созуға дайын екендерін жеткізді. Мысалы, Израильдің Әзербайжандағы елшісі Джордж Дик өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парашасында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, көмек қолын созуға әзір екенін айтты. Әзербайжандағы АҚШ елшілігінің өкілдері де дипломатиялық миссияның Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ұқсас мәлімдеме жасады.

Жулдыз Атагельдиева