Атырау облысында 193 шаруа жеңілдетілген несие алды
2024 жылы Атырау облысының ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген 2 млрд 950 млн теңге толық игерілді, деп хабарлайды 24KZ. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 193 шаруа мемлекет қолдауымен жеңілдетілген несие алды. Оған қосымша жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Нәтижесінде мал өнімдерін өңдеуге арналған 7 жоба жүзеге асты. Қызылқоға ауданында сүт өңдеу цехы, Индер және Жылыой аудандарында асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сапалы өнім алуға бағытталған жобалар қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржы 2025 жылы 2 есе артады.
Гүлзада Шалағұлова, «Агронесие» корпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының директоры:
- Жалпы енді аудандардың арасында Индер, Қызылқоға аудандары үлкен белсенділік танытты. Қызығушылық агробизнес бағдарламасына өте жоғары болды. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат бар, Атырау облысына ғана тән. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен биылғы жылы 480 млн қаражат бөлінген, толықтай игерілді. Келесі жылға 1 млрд қаражат бөлінеді деп жоспарланып отыр.