Жұмысшы мамандықтарға сұраныс артқан
Жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді.
Ақтөбе облысы техникалық колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша алдыңғы қатарда. Білікті маман даярлау аясында өңірдің ірі кәсіпорындары колледждермен әлеуметтік әріптестік орнатқан. Білім ошақтарымен бірлесіп оқыту бағдарламасы әзірленді. Қазір, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, өндірісте тәжірибеден өту жөнінде келісімдер жасалып жатыр.
Бағдашжан Молдашева, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің директоры:
- Бүгінде біздің әлеуметтік-экономикалық тұрмыста сұранысқа ие мамандықтар көп. Бірі электр, машина жасау, авто жөндеу және ІТ мамандықтарына сұраныс көп. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Әлеуметтік серіктестерімізбен бірлескен жұмыстың нәтижесінде түлектеріміз әрқашан сұранысқа ие.
Сергей Прокопьев, кәсіпорынның бас директоры:
- Біз 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын қуана әрі қызығушылықпен қабылдадық. Біз оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. Оқу орындарының бағдарламалары біздің қатысуымызбен әзірленді. Біз колледж оқушыларына жұмысқа орналасуға 100% кепілдік бергенімізді мақтан тұтамыз. Оқу орны мен мамандықты таңдағанда жастарымыз ертең жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасатынына сенімді болады.