Жаңа салық және бюджет кодекстері талқыланды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. 

Жиында мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа салық және бюджет кодекстері жобасы талқыланды. Кездесуде  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төрағасы, «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» басшысы мен бірқатар сала жетекшілері баяндама жасады. Маңызды құжаттағы өзгерістердің ел экономикасына әсері туралы ой бөлісті. Талқылау соңында премьер-министр ұлттық экономика, қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Елена Бахмутова, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің төрағасы:

- Салық-бюджет реформасының мақсаты мемлекеттік қаржыны нығайту, әділ салық салу және бюджеттің даму шығыстарын қайта қалыптастыру. Бұл ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне, экономиканың дамуына ықпал ететін өте маңызды мақсат. Бұл тұрғыда әрине қолдау көрсетіледі. Қаржы секторына келетін болсақ, ол әрқашан жауапты жұмыс беруші, бизнесті жауапты жүргізу, ашықтық пен әділ салық салуды және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы жағында. Ең бастысы, сарапшылар қауымдастығымен, нарық қатысушыларымен үнемі диалогта болу қажет.