Үкімет газдандыру қарқынын күшейтті
Төрт жылда елдегі газдандыру деңгейі 11,8 пайызға артты.
Мәселен, 2020 жылы ел халқының 50 пайызы газ тұтынған еді.
Былтыр 61,8 пайызға жетті. Яғни газға қосылғандар саны 9 млн-нан 12 млн 300 мыңға дейін өсті. Былтыр елде 300 мың адам газға қол жеткізді. Ол үшін 1 700 шақырымнан астам құбыр салынды. Қазынадан 193 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 200-ден астам жоба жүзеге асты. Бас-аяғы 92 елдімекенге жаңадан газ құбыры тартылды. Қазір ел көлемінде 2 мыңға жуық елдімекенде газ желісі бар. Алайда көгілдір отын солтүстік пен шығысқа жетпей тұр. Бұл өңірлерде тиісті инфрақұрылым жоқ.
Ержан Қошқаров, ҚР Энергетика министрлігі газ өндірісі департаменті директорының орынбасары:
- Төрт облысымыз бар, Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында газға қосылу мүмкіндіктері жоқ. Бірақ алдағы уақытта ол аудандарға да бізге газ жоспарларымыз бар, жобаларымыз бар газдандыру мәселесі бойынша. Қалған барлық облыс орталықтарын да және үш үлкен қаламызда газдандыру жобалары қарқынды жүріп жатыр деп айтсақ болады.
Елдегі газдандыру көрсеткіші
Газдандыру деңгейі – 61,8%
12,3 млн адам
1,7 мың км құбыр
200 жоба
₸193 млрд
Былтыр – 92 елді мекен
Барлығы – 1 846 елді мекен
Төрт жылда елдегі газдандыру деңгейі 11,8 пайызға артты. Мәселен, 2020 жылы ел халқының 50 пайызы газ тұтынған еді.
Былтыр 61,8 пайызға жетті. Яғни газға қосылғандар саны 9 млн-нан 12 млн 300 мыңға дейін өсті. Былтыр елде 300 мың адам газға қол жеткізді. Ол үшін 1 700 шақырымнан астам құбыр салынды. Қазынадан 193 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 200-ден астам жоба жүзеге асты. Бас-аяғы 92 елдімекенге жаңадан газ құбыры тартылды. Қазір ел көлемінде 2 мыңға жуық елдімекенде газ желісі бар. Алайда көгілдір отын солтүстік пен шығысқа жетпей тұр. Бұл өңірлерде тиісті инфрақұрылым жоқ.
Ержан Қошқаров, ҚР Энергетика министрлігі газ өндірісі департаменті директорының орынбасары:
- Төрт облысымыз бар, Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында газға қосылу мүмкіндіктері жоқ. Бірақ алдағы уақытта ол аудандарға да бізге газ жоспарларымыз бар, жобаларымыз бар газдандыру мәселесі бойынша. Қалған барлық облыс орталықтарын да және үш үлкен қаламызда газдандыру жобалары қарқынды жүріп жатыр деп айтсақ болады.
Елдегі газдандыру көрсеткіші
Газдандыру деңгейі – 61,8%
12,3 млн адам
1,7 мың км құбыр
200 жоба
₸193 млрд
Былтыр – 92 елді мекен
Барлығы – 1 846 елді мекен
Екі жылда елордадағы 2 850 үйге газ барады
Газдандыру қарқынды жүріп жатқан қалалардың бірі Астана. Қазір 1-жылу-электр орталығындағы 10 қазандық, 2-жылу-электр орталығындағы 6 қазандық газ жағады. Бұдан бөлек 20 әлеуметтік нысан дизельден газға көшірілді. Бұл - қаржылық жағынан тиімді. Былтырғы жылыту маусымында 977 млн теңге үнемделді.
Бүгінде қалада 800 шақырым газ құбыры бар. Осылайша 216 мың адам көгілдір отынның қызығын көріп отыр.
Әкімдік келесі жылдың соңына дейін газбен қамтылғандар санын 300 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Яғни Пригородный, Өндіріс, Кирпичный және Гарден Вилладждағы 3 мыңға жуық үйге газ барады.
Рахымжан Алтынбек Астана қаласы Энергетика басқармасы газдандыру бөлімінің басшысы
- Сәуір айына дейін жобалық-сметалық құжаттаманы алу бізде жоспарланған. Осы құжаттаманы алғаннан кейін бізде қалған Байқоңыр ауданындағы Өндіріс, Кирпичный, Есіл ауданындағы Пригородный тұрғын алаптарында газдандыру жұмыстарын бастау жоспарланған. Толығымен 2026 жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес қалған тұрғын алаптарда газдандыру бізде жоспарланып отыр әкімдікпен.
Астанадағы газдандыру көрсеткіші
ЖЭО-1 – 10 қазандық
ЖЭО-2 – 6 қазандық
20 әлеуметтік нысан
Үнем – ₸977 млн
800 км газ құбыры
216 мың адам
2027 жылға дейінгі газдандыру жоспары
Барлығы – 300 мың адам
Пригородный – 150 үй
Өндіріс – 2120 үй
Кирпичный – 512 үй
Garden Village – 68 үй
Газдандыру деңгейі 62%-ға жетуі тиіс
Биыл 7 елдімекенге газ тартылады. Газдандыру бойынша 45 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатта 66 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жыл соңында елдегі газдандыру деңгейі 62 пайызға жетеді. Яғни 12 млн 400 мың адамның үйіне көгілдір отын жеткізіледі деген жоспар бар.
Биыл жүзеге асатын ірі жобалардың бірі “Фин-120” станциясының құрылысы. Автоматтандырылған станция Атырау қаласының еуропалық бөлігін газбен толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өңір өнеркәсібінде көгілдір отынды қолдануға мүмкіндік туады.
Биылғы газдандыру жоспары
₸65,9 млрд бөлінді
7 елдімекенге газ тартылады
45 жоба жүзеге асады
Газдандыру деңгейі – 62%
Барлығы – 12,4 млн адам
Газдандыру деңгейі 62%-ға жетуге тиіс 1gr]Биыл 7 елдімекенге газ тартылады. Газдандыру бойынша 45 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатта 66 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жыл соңында елдегі газдандыру деңгейі 62 пайызға жетеді. Яғни 12 млн 400 мың адамның үйіне көгілдір отын жеткізіледі деген жоспар бар.
Биыл жүзеге асатын ірі жобалардың бірі – “Фин-120” станциясының құрылысы. Автоматтандырылған станция Атырау қаласының еуропалық бөлігін газбен толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өңір өнеркәсібінде көгілдір отынды қолдануға мүмкіндік туады.