Жасанды интеллект әлем экономикасын дамытады
«2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі шамамен 20 триллион долларға жетеді.
Соның есебінен жыл сайын жалпы ішкі өнім 2-3%-ға өсуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті елдеріміздің экономикалық дамуы үшін пайдалану қажет». Үкімет басшысы Олжас Бектенов Еуразиялық экономикалық одақ елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысында бүгін осылай деді. Басқосуда адами капитал мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту, білімді жетілдіру және технологияларға қолжетімділік мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл бағытта өзара тәжірибе мен инновациялық ойларды бірлесіп іске асыру маңызды»,-деп атап өтті Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов , ҚР Премьер-министрі
«Қазақстанда Жасанды интеллект комитеті атты жаңа мемлекеттік орган құрылды. Тұжырымдама қабылданды. Ол Ұлттық жасанды интеллект стратегиясын жасауға негіз болды. Заң жобасы дайындалды. Ол-инновацияларды дамытудың құқықтық негізін құрап, реттеу мен ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Президент жанындағы Жасанды интеллектті дамыту кеңесі бар. Оған отандық және халықаралық жетекші сарапшылар еніп, озық технологиялар мен тәжірибелерді интеграциялауға ықпал етеді».