Алматыдағы сауда желілері отандық өнімге басымдық береді

Бүгінде шаһарда көкөніс қоры жеткілікті мөлшерде ұсынылған, деп хабарлайды 24kz.

Себебі өнімді отандық фермерлерден тікелей сатып алады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі мәлімдеді. Бүгін Арман Шаққалиев қаладағы ірі сауда желілерін аралап, сауда субъектілерінің өкілдерімен кездесті. Дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Министр Алматыдағы сауда орталықтарында отандық өндірушілердің тауар көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл шара тұтынушылардың сапалы әрі қолжетімді отандық өнімдерге деген сұранысын арттыруға мүмкіндік бермек. Бүгінде қалада 11 ірі сауда желісі және 3500-ден астам шағын дүкен жұмыс істейді.