Алматыда он базар жаңартылады

Алматыдағы 10 базар модернизациядан өтеді.

Сауда және интеграция министрлігінің Жол картасына сәйкес қаладағы «Арлан», «Батыр», «Тұлпар, «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау самалы», «Береке», «Сауда кент» және «Сарыарқа» базарларында жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл тек бизнес өкілдері үшін ғана емес, сатып алушыларға да қолайлы. Базар иелері жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауы тиіс. Алматыда қазір 38 сауда базары бар. Заңнамаға сәйкес базарлар көлік тұрағымен, онлайн төлем жүргізу құралдарымен қамтылуы тиіс. Сондай-ақ санитарлық және өрт қауіпсіздік талаптарына сай болуы шарт. Айта кетейік, жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген базар иелері келер жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады.