Елдегі өңдеу өнеркәсібі өркендеп келеді

Былтыр салада 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, сектордағы өсім 6%-ға жуықтады. «Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш», – дейді мамандар.

Жекелей алсақ, жетекші бағыттардың бірі машина жасауға тиесілі. Бұл бағытта 4 мыңға жуық компания жұмыс істейді. Онда 120 мыңнан астам адам нәпақасын тауып жүр. Былтыр 82 мыңнан астам жеңіл көлік пен 5 мыңнан астам трактор және комбайн жасап шығарылды. Инвестиция көлемі де 2 есе өсіп, 124 миллиард теңгеден асқан.