Абайлаңыз, импорт! Үстел ойындары қауіпті ме?

Қазір дүкен сөрелерінде балалар үшін ойынның түрі көп. Қаржыңыз болса жеткілікті. Алайда кейбір ойыншықтар балаңыздың психологиясына қатты әсер етеді дейді мамандар. Сондықтан оны бақылап, бағамдап отыруыңыз қажет. Ең алдымен балаға оны ұсынбас бұрын сол ойынды өзіңіз ойнап көргеніңіз абзал. Осылайша сіз балаңыздың жас ерекшелігі мен ой-өрісіне сай келетінін түсіне аласыз. Сонда ойлау қабілетіне оң әсер етуі тиіс бұл ойындардың қандай қауіпі болуы мүмкін?