Қалаулы кәсіп. Тестілеу алаңының технигі

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі әрбір жаңа автокөлік оның қатаң бақылауынан өтеді. Бала күнінен көлікке жаны құмар болған ол ойланбастан автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу мамандығын таңдады. Сонда оқып жүріп, «АЗИЯ АВТО» зауытында өндірістік тәжірибеден өтті. Оқуды тәмамдап, дәл осы жерде жұмыс істеуді алдына мақсат қойған кейіпкеріміз бүгінде өндіріс ошағының тестілеу алаңында техник болып қызмет істейді. Толығырақ осы шығарылымда.