Т.Жданок: Қазақстанның бірізді реформалар бағытын берік ұстанғанын көруге болады

Елбасы Жолдауынан Қазақстанның бірізді реформалар бағытын берік ұстанғанын көруге болады.

«Сондықтан олар бағытынан қайтпай, даму жоспарын жалғастыру маңызды», - деді Еуропалық парламент депутаты Татьяна Жданок.

Татьяна Жданок, Латвияның Еуропарламент депутаты:

- Ешбір өндірісі болмаған мемлекетті тәуелсіз ел деп санау қиындау. Сондықтан әрбір елдің тәуелсіздігі үшін азық-түлікті қамтамасыз ету мәселесін шешу керек. Еуроодақ елдерінде, дамыған Батыс елдерінде индикативтік жоспарлау бұрыннан болғанымен, біздің меңзеп отырғанымыз – артық өндіріске жол бермейтін егжей-тегжейлі жоспар құру. Яғни бағдарламада көрсетілгендей, Қазақстанның осы салада еңбек ететін білімді мамандары, жеткілікті адами капиталы болса, еш қиындықсыз жоспарды орындап, биік мақсаттарға жете аласыздар.