Астана күнін ақтөбеліктер де атап өтті
Бас қаланың тарихы мен бүгінінен сыр шертетін көрмеден бастап, елорда туралы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ал аудандарда көпшілікке арналған мәдени ойын-сауықтар мен жәрмеңкелер және спорттық жарыстар бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Ән байқауы, сурет салу, өлең оқу, шығарма жазу сайыстарына балалар да, ересектер де қатысты. Елордамен құрдас жастардың кездесуі де көпшілікке үлкен әсер қалдырды. Ал облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі көрме жұмысы бірнеше күнге созылады.
Майра Сүлейменова, кітапханашы:
- Бұл туындылардан елордамыздың - Астананың өткені мен бүгінгісі, ертеңгі қадамдары жан-жақты көрсетілген. Астананың өркендеуі бұл Қазақстанның өркендеуі деген ұғымды терең аша келе, елордамыз Астананың маңыздылығын, мәртебесін, алатын орнын айқын көруімізге болады.