Қарағандыда жансақтау бөлімінде жатқан 6 балада өзгеріс жоқ

Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында зардап шеккен тағы 3 бала емделіп шықты.

Алайда 6 бала әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың денсаулығында қандай да бір өзгеріс байқалмайды. Мамандар науқастардың жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалап отыр. Естеріңізде болса, арнайы  әлеуметтік қызмет көрсету орталығында белгісіз заттан 14 бала уланып, біреуі қайтыс болған. Олардың нақты неден уланғаны күн бүгінге дейін белгісіз. Сарапатама нәтижесі бір ай ішінде шығуы тиіс.