Елдегі төрт банк мемлекетке 1,3 трлн теңге қарыз
2017-2020 жылдары мемлекеттен көмек алған банктердің төртеуі мемлекетке әлі 1,3 трлн теңге қарыз.
Соның ішінде Еуразиялық банк мемлекетке – 150 млрд теңге қарыз болса, РБК банктің 176,8 млрд теңге берешегі бар. Сондай-ақ Alatau City Bank 950,2 млрд теңге көмекті қайтармаған. Ал Nur Bank-тің 46,8 млрд теңге борышы өтелмеген.
Мемлекеттен алған көмегін қайтармаған банктер:
Жалпы сома – 1,3 трлн теңге
Еуразиялық банк – 150 млрд теңге
РБК банк – 176,8 млрд теңге
Alatau City Bank – 950,2 млрд теңге
Nur Bank – 46,8 млрд теңге