Онлайн сауданың 90%-ы Алматыда жасалады
Елдегі онлайн сауданың 90 пайызы Алматыда жасалады. Ресми дерек солай дейді. Бүгінде мегаполисте электрондық сауда көлемі 5,3 трлн теңге жеткен.
Бұл жылдағыдан 42 пайызға көп. Оның ішінде 3 трлн теңге – тауарлардың бөлшек саудасына, 2,3 трлн теңге – онлайн қызмет көрсетуге тиесілі. Жалпы шаһарда 1 500-ден астам электрондық коммерция субъектісі белсенді түрде жұмыс істейді.
Сауда көлемі - 5,3 трлн теңге (42%)
3 трлн теңге – бөлшек сауда
2,3 трлн теңге – онлайн қызмет көрсету
1500-ден астам электронды коммерция субъектісі тіркелген.