Алматыда 30 жылу қазандығы жөнделді

Алматы облысында биылғы жылу беру маусымы қарсаңында 30 қазандық жөнделіп, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жылу жүйесі ауыстырылады.

Бұл жұмыстар қазан айының басында аяқталады. Қазір 28 қазандық жылыту маусымына әзір тұр. Қалғаны бірер күнде жөнделіп бітуі тиіс. Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында 15 блоктық-модульдік қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Осы нысандар 50-ден астам көпқабатты үйге жылу береді.

Ержан Әділет, Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы:

- Жалпы көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында тағы 25 блоктық-модульдік қазандықты құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Бұйырса тағы 150 көппәтерлі тұрғын үйді қамтиды деген болжам бар. Біздің облысымызда жаңа құрылып жатқан қазандықтар да, бұрынғы қазандықтар да 99 пайыз көгілдір отынды, яғни газды қолданады.