Перизат Қайрат ісі: Сот шешімі өзгеріссіз қалды
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды.
Адвокат оларды толық ақтауды сұрап апелляциялық шағым түсірген болатын. Оның талап-тілегі Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып, апелляция қанағаттандырылмады. Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Олар алаяқтық және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру баптары бойынша айыпты деп танылды.