Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс: сотта құтқарушылардың кешігу себебі айтылды

фото: ЖИ арқылы өңделді

Марқұм Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында қалалық ТЖД кезекші бөлімінің бастығы Ризабек Даиров ғимараттың құлауы туралы алғашқы хабарлама жедел жәрдем қызметінен түскенін айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Оның сөзінше, оқиға орнына ТЖД-дан бір автоцистерна, бір жедел-құтқару жасағы және бір автосаты жіберілген.

Бұл оқиға туралы алғашқы хабарлама бізге жедел жәрдем қызметінен түсті. Кезекші бөлімге фельдшердің үстіне кондиционер блогы құлағаны туралы ақпарат келді. Оқиға орнындағы өтіп бара жатқан адамдардан немесе куәгерлерден хабарлама түскен жоқ, – деді Ризабек Даиров.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін төтенше жағдай аумағын қоршауға алуы керек. Алайда бұл жолы медицина қызметкерлері ТЖД мамандарынан бұрын жеткендіктен, аумақ кейінірек қоршауға алынған.

Оқиға орнында құтқарушылар ғимараттың опырылған бөлігін сырттай тексеріп, үйінді астынан екі адамды алып шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз: