Атырау облысында жаңа жылыжай іске қосылады
Атырау облысында жылыжай шаруашылығы өркендеп келеді.
Бейбарыс ауылдық округінде жылына 1500 тонна өнім беретін кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Нысанның жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады. Голландық технологияға негізделген шаруашылықтың басқару жүйесі толық автоматтандырылған. Жалпы биыл облыс аумағында осындай екі инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
Азат Қапанов, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Облыс көлемінде 22 гектарды құрайтын 40 жылыжай бар. Оның ішінде 6 гектары өндірістік жылыжай. Барлығы да жұмысын жасап тұр. Бұған қоса 2026 жылға 4 гектарлық өндірістік жылыжай жұмысын бастауды жоспарлап отыр.