Халық: LRT кептелісті азайтады

Кептелістен мезі болған елордалықтар LRT-ның игілігін көреміз деген сенімде, деп хабарлайды 24kz.

Жаңа көлік түріне мініп көруді армандағандарын да жасырмады. Шойын жолдың бойында тұратын азаматтар үшін жұмысқа жету уақыты қысқарып, тиімділігі артады деген де болжам бар. Әріптестеріміз елордалықтардың пікірін білген болатын. Халық сөзіне құлақ түрсек.

- LRT-ға отырып көргіміз келеді. Бір жағынан оның болғаны, тезірек жұмыс жасағаны да халыққа пайдалы деп ойлаймын. Себебі, қазіргі кезде көріп отырсыздар қалада үлкен кептеліс болып жатыр. Сол себепті бұл пайдалы деп ойлаймын. Әр нәрсені позитивпен ойлау керек.

- Отбасымызбен қуанып жатырмыз. Мынау керемет, Дубай сияқты болайын деп жатыр ғой біздің Астана. Керемет шешім. Тағы да осыған қосып, анау пароммен жүретіндей қылып Стамбулдағыдай жасау керек. Өйткені мынау білесіздер, Мәңгілік ел мен Тұранда кептеліс көп қой біздерде.

- Өте жақсы ғой ол. Адамдар кептеліс болмайды. Егер үстінен жүретін болса, ол адамдар көбісі тез сол LRT-нің несіне мінеді ғой өзі.

- Аэропорттан вокзалға дейін көп адамдар сомен қатынайды деп ойлаймын. Керісінше, кептеліс азаяды.

- Оң әсер болады деп ойлаймын. Кептеліс азаятын шығар. LRT ертерек қосылса, халықтың жағдайы жақсарады. Мүмкіндігінше тездетіп бітсе екен.

- Халық үшін, әрине, пайдасы бар деп ойлаймын. Өйткені таңертең және кешке көп кептеліс болады. Сол кездерде енді сол жол бойында LRT-ның жолында тұратындарға көп пайдасы болатын шығар деп ойлаймын.