Астанада жедел жәрдем станциясының басшысы ұсталды

Астанадағы Жедел жәрдем станциясының басшылығы ұсталды. Ол 2020-2023 жылдар арылығында қазына қаржысын қарпыған деп айыпталып отыр. 

Жемқорлық жайлаған мекемені елорда прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексерген. Тергеу барысында санитарлық автокөліктердің саймандары мен бөлшектері заңсыз есептен шығарылғаны және жалған қызмет көрсетілгені анықталды. Салдарынан жарамсыз көліктер қолданыстан шығарылған. Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді. Төрт қызметкер, оның ішінде екі басшы мен станция директоры ұсталды. Олар мемлекетке 850 миллион теңге сомасында шығын келтірген. Күдіктілерге қатысты іс Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа жолданды.