ШҚО-ның әлеуметтік саласын дамыту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту жөнінде отырыс өтті.
Оған профильдік министрліктердің өкілдері мен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жиында денсаулық сақтау саласында ілгерілеу бар екені айтылды. Шығыс Қазақстан облысы - 2025 жылы ана өлімі тіркелмеген бірнеше өңірдің бірі. Дегенмен жүйелік түйткілдер жойылмай тұр: медицина қызметкерлерінің тапшылығы, бір жасқа толған балаларды жеткілікті түрде екпемен қамти алмау сияқты мәселелер бар. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ғылымды дамыту жағын талқылады. Облыста 664 ғылыми жұмыс жүргізілді және 67 жоба енгізілді. Осылайша, өнеркәсіпке қажетті кобальтсыз қоспалар дайындалып, травматология мен ортопедияда пайдаланылатын медициналық импланттардың 20-дан астам түрі әзірленеді. Бұдан бөлек отырыста орта білімнің сапасын арттыру сөз болды. Өндірістік травма-тизм мәселелері ерекше назарды қажет етеді. Туристік инфрақұрылымды, навигация мен ақпараттық сүйемелдеуді, тағы инклюзивті спортты қосымша дамыту жөнінде айтылды. Жиын қорытындысы бойынша Аида Балаева әлеуметтік қызмет сапасын арттыруды, халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, және ведомство-аралық әрекет-тестік орнатуды тапсырды.