Ақтөбеде газ құю станциясы жарылды
Ақтөбеде газ құю станциясында төтенше жағдай болды. Кірпішті ауылы маңында жер үсті резервуарының газ-ауа қоспасы тұтанып, соңы жарылысқа ұласты.
Өрт сол маңдағы екінші цистернаға, газ тасымалдаушы көлік пен операторлық ғимаратқа таралған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және Апаттар медицинасы орталығының 60 қызметкері мен 16 техника жетті. Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 292 бабы, 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Аслан Қожагелдин, ТЖД Басқармасының аға инженері:
- Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және оператор бөлмесі өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.