Кейінгі 7 жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есе өсті

Кейінгі жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есе өсті.

 "Егемен Қазақстан" газетіне жарияланған мақалада мемлекеттің даму бағыты айқын жазылған, дейді экономист Ер-ділдә Тәутенов. Сарапшының айтуынша, елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму көрсеткіші - кешенді жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі.

Ерділдә Тәутенов, экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары:

- Расымен де былтырғы жылдың нәтижесі бойынша экономикамыз 6,5 пайызға өсіп отыр. Егер бүкіл әлем 3,3 пайызға өсті десек, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл жерде 6,5 пайызда тек қана сандық мағына ғана емес, сапалық мағына көріп отырмын. Яғни бұл соңғы жылдары атқарылып келе жатқан экономиканың фундаменті, әртараптандыру, салалар мен бизнестің дамуына жағдай жасау деген мәселелерді айтатын болсақ, жалпы кешенді жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын.