Атырау облысында агрокешен жұмысы ақсап тұр

Атырау облысында жалпы құны 9 млрд теңге болатын үш инвестициялық жоба аяқсыз қалды. Жергілікті билік қазір тоқтап тұрған нысандарды қайта іске қосу үшін жаңа инвестор тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Сол жобалардың бірі 2013 жылы Индер ауданында қолға алынған агрокешен. Жоба бойынша кешен тәулігіне 200 литр шұбат және 1800 литр қымыз дайындап, аудан тұрғындарын өніммен қамтуы тиіс еді. Алайда құны 275 млн теңгелік инвестициялық жоба аяқсыз қалды. Ол қаражаттың 55 пайызы «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорциясы арқылы берілген несие қаражат болатын. Қазір корпорация кәсіпкерді сотқа беріп, жобаға басқа инвестор іздеуге кірісті. 

Руслан Қабиев, «Атырау» ӘКК АҚ  департамент басшысы:

- Бізден осы инвестициялық жобаны іске асыру үшін 165 млн қарыз берілген. Дүкен базарларға сатуға өнім шығарған. Әрі қарай өзінің жұмысын жүргізе алмады. Бүгінгі уақытта біз сот орындаушы арқылы серіктестіктің мүлкін тәркіледік. Қазір инвесторлар іздеп, сот орындаушымен кездестіріп, оған инвестор тартуға жұмыстанып жатырмыз.