ШҚО-да өзендердегі су деңгейі қалыпты
Шығыс Қазақстанда тасуы мүмкін деген өзендерге күнделікті мониторинг жүреді.
Әсіресе Шемонаиха ауданындағы Уба өзені мен Глубокое ауданының аумағынан өтетін Үлбінің деңгейін мамандар бақылап отыр. Арнайы топ аймақты әуеден барлап шықты. Құтқарушылардың айтуынша, әзірге су тасу қауіпі жоқ. Өзендердің бастауында мұз енді еріп жатса, төменгі жағы толық ашылған. Мұз кептелісі де байқалмайды. Жалпы тасқын жүруі мүмкін аумақта 71 елді мекен бар. Су деңгейін 55 гидрологиялық бекеттің қызметкерлері де күнделікті бақылап отыр.
Арман Наурызбаев, ШҚО ТЖД басқарма бастығы:
- Қазгидромет өкілдерімен бірге өзендерді ғана емес гидротехникалық құрылғыларды да байқап шықтық. Риддер жақтағы Кіші Уба су қоймасын да көрдік. Барлығында жағдай тұрақты. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Бұндай бақылауды әлі де жалғастыратын боламыз.