ШҚО-да ауқымды тазалық акциясы басталды
Шығыс Қазақстанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында кең ауқымды тазалық жұмыстары басталды.
Көктемгі еріген қар астынан шыққан қоқыстарды тазарту мақсатында сенбіліктер өтіп жатыр. Шараға түрлі мекеме қызметкерлері ұжым болып қатысып, қала аумағын тазалады. Тұрғындар да белсенділік танытып, өз аулалары мен көшелерін ретке келтіруге үлес қосты. Тротуарлар мен жол бойындағы күл-қоқыс жиналып, қала келбеті жақсара түсті. Жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары да бұл бастамадан шет қалмады. 120 адамнан құралған топ бірнеше сағат ішінде студенттер қалашығы аумағын тазалап, айналасын ретке келтірді. Жол қызметі мамандары бірлесіп, Алматы- Өскемен бағытындағы республикалық тас жолдың Ұлан ауданындағы бөлігін қоқыстан тазартып шықты.