Абай облысында туризмді дамытуға 50 жоба іске асады
Алдағы 3 жылда Абай облысында туризмді түлетуге бағытталған 50-ге жуық ауқымды жоба іске асады. Айдынды Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға биыл 10 млрд теңге бөлінген.
Бұл қаражат инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға жұмсалады. Мұнымен қоса, цифрлық шешімдерді енгізуге, оның ішінде бейнебақылау жүйелерін және орнықты мобильді интернет-қамтуды енгізуге бағытталады. Туристік аймақтың аумағын 300-ден 3 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ, өткізу қабілеті тәулігіне 75 мың туриске дейін артады. Электр желілерін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, көлік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу бастамасы да негізгі жобада бар.