Ұлттық мұраға заманауи серпін

Алматыда материалдық емес, мәдени мұраны сақтау мен дамытуға арналған маңызды жиын өтті. Басқосуда сондай-ақ 2003 жылғы Конвенцияны іске асыру барысына жүргізілген орта мерзімді бағалау жасалды. 

Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Оның айтуынша, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірегей мұраға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсету қажет. Одан бөлек, кездесу барысында халықаралық және отандық сарапшылар ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесін талқылады.

2003 жылғы Конвенция материалдық емес мұра тұжырымдамасы ретінде Қазақстан қоғамының құндылықтарымен толық үндеседі. Бүгінгі іс-шара 2025-2026 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның Техникалық гранты аясында өтті. Қазіргі уақытта жоба Қазақстанның 5 өңірінде пилоттық режимде жұмыс істеп тұр.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

- Осы ретте біз өз тарапымыздан ұсындық. Жалпы осы жұмысқа бұрын ғылыми зерттеу институттары, мәдени ошақтар, жалпы жекелеген бір ғалымдар, этнографтар қатысқан болса, қазір тұтастай университтерді қосу мақсат. Мәдениеттану мамандары даярлау барысында ЮНЕСКО тізіміне кіретін, ЮНЕСКО тізіміне кіруге лайықты материалдық емес құндылықтарды зерттеу, зерделеу оларды жалпы жас ұрпаққа оқыту. Осыған бейімделген, осыған маманданған бізде азаматтар болуы керек.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында шынайы отаншылдық нақты істен, туған жерге деген сүйіспеншілікпен және қоғамға қызмет етуге дайын болудан көрінеді», - деп атап өткен еді. «2003 жылғы Конвенция материалдық емес мұра тұжырымдамасы ретінде Қазақстан қоғамының құндылықтарымен толық үндеседі», деді Аида Балаева.

Жалпы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізімі жаңартылды. Бүгінде ЮНЕСКО жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Деректерге сәйкес ұлттық тізімдегі 79 элементтің 56-сы құжатталды. Сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраның 277 иесімен сұхбат жүргізілді.

Амир Пирич, Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің директоры:

- Бұл барлық мамандар мен сарапшылар үшін маңызды жетістік. Ұйымдастырушыларға мазмұнды пікірталас тілеймін. Сондай-ақ жақсы нәтижелер мен жетістіктерге жетеді деп сенемін. Мәдени мұраны сақтау, қорғау және насихаттау бағытында Мәдениет және ақпарат министрлігімен және ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиямен ынтымақтастықтың жалғасатынына сенеміз.

Дөңгелек үстел бағадарламасы екі күнге жоспарланған. Сондай-ақ екі салалық секция өтіп, онда ауызша және эпикалық мұра мәселелері талқыланды. Өңірлерден келген сарапшылар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде дәстүрлі ойындар мен фольклорлық сайыстар маңызын атап өтті.

Авторлары: Ернұр Рысбай, Кенже Амраев, Радик Жакупов