Елде адам саудасы бойынша 41 іс тіркелді

Елде адам саудасы бойынша 41 қылмыстық іс тіркелді. Оның 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты. 

«STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ішкі істер министрлігі бірқатар ауыр қылмысты әшкереледі. Қызылорда облысында нәресте саудасының жолы кесілді. Қоғамдық қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында 1 млн теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Жетісу облысының 2005 және 2007 жылғы тұрғындары мәжбүрлі еңбекке тартылған. Оларды ұрлап әкетіп, бір ай бойы күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айырып, тұрмыстық химия өндірісінде жұмысқа жеккен. Күдіктілер ұсталды. Жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетілді.

Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі:

- Астана, Алматы қалаларында, Абай, Атырау, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы заңсыз әрекеттерге және жастарды азғындатуға белсенді түрде тартылған тұлғаларға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру фактісі бойынша 15 сотқа дейінгі тергептексеру және порнографиялық материалдарды заңсыз тарату бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.