Зейнетақы жинақтары 18,5% артты
Осы жылдың наурыз айындағы есеп бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 27 трлн теңгеге жуықтап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,5%-ға артты.
Инвестициялық кіріс бұл құрылымда негізгі рөл атқарады. Азаматтардың зейнетақы жинақтарын инфляциядан қорғау және кіріс алу мақсатында ақша түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Мәселен, 2026 жылдың алғашқы екі айында салымшылардың шоттарына 523,88 млрд теңгеден атсам таза инвестициялық кіріс түскен. Бұл барлық түсімдердің 48%-ын құрады. Жалпы 2014 жылдан бері жинақталған таза инвестициялық кіріс 10 трлн теңгені құрады.